12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚҰНЫ

«Адам азды ма, заман азды ма білмедім?» – деп есіктен кіріп келе жатқан Қырау киімін шешпестен босағаға отыра кетті. Түрі шаршаңқы. Сақал-мұрты өсіп, екі күнде жиырма жасқа қартайып кеткендей көрінді жұбайы Ленаның көзіне. – Отағасы, осы жұмысыңды қойсаң қайтеді? Жұмысыңа барған сайын үйге көңілденіп кірген күніңді көргенім жоқ осы он жыл ішінде. Қазір менің табысым да жаман емес. Мұғалімдердің жалақысы көтеріліп қалды. Басымызда қарызымыз да жоқ. Сен үйде жат. Қиын заманда мені таршылық көрсетпей осы күнге жеткіздің, енді менің кезегім келді. – Мен жұмыстан кетсем жауапкершіліктен қашып, ол араға кім бара қояды дейсің? Осы сен басында менің сол жұмысым үшін ұнатып тұрмысқа шықпадың ба? «Саған осы форма жарасады, осылай жүрші» – деп қиылушы едің ғой, ЖенПИ-дің алдында гүлімді ұстап барған әр кезімде. Соңғы бірнеше айдан бері неге ойың өзгеріп сала берді? Соны түсіндірші. – Айтпаса да түсінікті. Соңғы болып жатқан жайлар есімді шығарып жіберді, – деп балалар жатқан бөлменің есігіне қарады, сөзімді тыңдап қоймасын дегендей. – Шәйің, тамағың дайын ба өзі? Айтар сырыңды ас бөлмеде айтарсың. Мен осылай босағада отыра бермейтін шығармын? Лена жеңіл қозғалып келіп, күйеуінің сыртқы киімін алып, іліп жатты… * * * – Кеше қала сыртынан табылған қыздың мүрдесінің кім екені анықталды ма? – ДНК сараптамасын жігіттер түнімен жүргізді, байқұс қыздың денесі ештеңе қалмай жанып кеткен. Бұл өзі осы айда табылған үшінші мәйіт. Үшеуін де істеген бір адам деп ойлаймын. Ал ана Иван үш қылмыстан үш түрлі сипат тауып отыр. Бірақ, қандықол қарақшының үшеу емес, біреу екені анық. Себебі: бірінші құрбанын үлкен тас жолдың бойында бауыздап, зорлап, бөлшектеп кейбір дене мүшесін алып кеткен. Біз нақты сенімді емеспіз, мүмкін бұл адам ағзасын саудалайтындардың іс-әрекеті болар деп, бүкіл емханаларды аралап шықтық. Тағы бірі, ескі су қоймасының қасынан басы жоқ он алты жастағы қыздың мәйіті табылды. Онда зорлық-зомбылықтың анық нышаны байқалады. Біз енді бұны – педофилдердің ісі деп жүргенімізде, қырықтан асқан мына әйелдің өлі денесін қала сыртындағы атбалдан таптық. Лена, сен айтшы осындай жауыздыққа кімдер барады?! Анадан тумағандар ма? Адамдар неге қатал, қатыгез болып барады?! – Қырау, сен шаршадың. Алдыңдағы асты ішіп болып, дем ал. Мен генетикалық зертханада істейтін құрбыма хабарласып көрейін. Ол да бұл жайдан хабардар. Түсте кездескенде, бірдеңеден күмәндағандай болған. Ойын ашық айтпады… – Неден күмәнданды екен? – Білмедім… Сен жатып демал, саған тыныштық керек. Ерлі-зайыпты екеуі дастарқандағы тамақтарын үнсіз ішіп, орындарынан тұрды. Қаладағы күнара болып жатқан үрейлі оқиғалар екеуін де абдыратып тастаған. Әсіресе, бұл Қыраудың өмірлік тәжірибесіндегі шиленіскен алғашқы қылмысы. Бар ойы таңертең ерте тұрып, орталық архивтерден бұл қылмысты дәл осыған ұқсас өткен ғасырдағы болған оқиғалармен салыстырып көруді жөн деп ойлап жатып, көзі ілініп кетті. * * * Бүгін сондай мәз, анадан қайта дүниеге келгендей. Дастарқанда неше түрлі тағамдар: самса, манты, қуырылған ет. Тағамдардан тартынбай алып отырыңыз, – деп қояды Иван қасындағы жолдасы Қырауға. Қырау аузына бір түйір ет салып жіберіп, дәмін алып біраз отырып, етті жұтпай ненің еті деп ишара танытты. – Бұл ма? Түйеқұстың еті. Өткенде алдырып едім, шет елден келген достарыма. Сен Ленаның жоғалып кеткеніне қапаланба, ол аман-сау табылады. Тартынбай астан алып, жеп отыр. Мен қазір… Сендер, қазақтар сорпаны жақсы көресіңдер ғой, мен алып келейін, отыра тұр. Қыраудың бар ойы әйелінде… Ұялы телефоны өшіп тұрғанына бақандай бүгінмен бесінші күн. Тау-тасты, орман, суды, қаланың Лена барады деген жерлерінің бәрін сүзіп шыққан. Ойы тұманданып, өзін тамұқтың ортасында қалғандай сезініп отыр. Иванның әріптесі келіп, бұл доңыздың сорпасы емес, адамның сорпасы дегенде шашалып қалардай болып, аузына салған мантыны лоқсып құсып тастады. «Қалжың, қалжың бұл түйеқұстың сорпасы» дегенде барып, бір кесе сорпа ішіп қана қойды да, сағатына қарап: – Кеш болды, үйіме қайтам, – деп кетіп қалды. Иван шығып бара жатқан Қыраудың артынан қараған қалпы үнсіз тұра берді… * * * Тағы да күнтізбе парағының бір күні артта қалды. Таңғы бесте безілдеген қоңырау дыбысынан оянып кетті. Жасанды бассейннен адам денесі табылды деген соң жұмысқа жан ұшырып келген беті осы болатын. Иванның сол баяғы сабырлы мінезі, қызметтік көліктің қасында тұр. Қырауға қарап: – Оқиға орнына кеттік, – деп машинасын от алдыруға оқталды. Ол да жолдасының ойын ұққандай тез жүрейік деп шылымын тұтатып, көлікке отырды. Жол бойы үшінші рет шылым шекті. Иванға қарап, тіпті болмаса, Ленаның өлі денесін тапсам да разы болар едім деп бір қойды. Иванда үн жоқ. Екі көзі алдында, сұлап жатқан тас жолда. Қалалық қылмыс бөлімі мен сот сарапшылары бұлардан бұрын оқиға орнына келіп алыпты. Бәрінің түсі бұзылып боп-боз болып кеткен. Адам баласын осындай жауыздыққа барады деп ойламаған болса керек. Бассейннің жағасында жатқан басы мен қол-аяғы жоқ әйел мүрдесі. Көрген жан баласы бұл көрініске шыдап тұра алмас. Иван Қыраудың қасына келіп: – Сен жақындамай-ақ қойшы. Жүрегің ауырып, езіліп жүрсің. Қырау оның айтқанына көнбеді. Ақ мата жабылған мәйітті ашып қарады. – Иттің баласы, осыдан қолыма түсерсің! Темір тордың ар жағында мәңгілік шықпастай етемін, – деп отырған жерінде тісін қайрады. * * * ДНК сараптамасы тағы да зорлық нышаны барын анықтап, мүрдеден табылған шаштар мен ер адам ұрығын сараптамаға, Астанаға жіберді. Ал, Ленаның іздеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Көрдім, білдім деген жан баласы болсашы. Ізім-ғайым. Қаладағы көше кезген қайыршыларды да тартып, алқаштарына дейін тергеу изоляторына неше мәрте шақырып сұралды. Бірі: «Көргенмін, ақ құба келген әдемі келіншекті» – деп алып, «Бірақ, мас едім» – деп сөзінен тайып, екі сөйлегендері де бар. Іс жүрмей, бір орнында табандап тұрып алды. * * * Бір апталық ауыр күн де сырғып өтіп, Астанадан сараптама да келіп жетті. ДНК сараптамасы бойынша мүрде «пәленше» деген жезөкшеге тиесілі болды. Ал, ер адамның шашы мен ұрығы жайлы тіс жарып ешкім ләм-мим демеді. Бұл жайдан Қырау күмәнданып қалды. Балконда отырып, ұзақ ойланды. Күдіктенетін жөні бар. Қылмыскер бұлардың не іздеп, қандай бағытта жұмыс істейтінін жақсы білетін секілді. Содан болар «Осы, мүмкін, қанішер арамызда жүр ме?» – деген күдік көңіліне келді. Міне осымен төртінші адамның өлімі табылып отыр. Жарты жыл ішінде қанша жанталаса жұмыс жасалып, қаншама іздеу шаралары күшейтілгенімен еш қылмыс ашылған жоқ. Бұл не де болса әккі жанның істеген іс әрекеті. Қолына телефонын алып, Иванға соқты. Тез арада кездесіп, ақылдасар жай барын айтып, үйіңнен шықпа деп, қазір он минут ішінде болатынын айтып орнынан тұрды. Иванның үйіне келсе, буын бұрқыратып, қазаннан түшпара түсіріп жатыр екен. Дастарқанға жайғас деп, оң жақтағы орындықты нұсқады. Қырау Иванға қарап: – Осы сен неге үйленбейсің? Түр десе түрің бар, бой десе бойың бар. Қашанғы состиып жалғыз жүресің? Жалғыз адамның асы да батпайды дейді біздің жұрт. Жалғыз жүрмей үйлен. Тойыңда Лена екеуміз… әрине, табылып жатса, вальс билейміз. Мынауың өткендегі түйеқұсыңның еті ме? Өмірімде мұндай дәмі тіл үйіретін етті жеп көрмеппін. Маған бір осындай етіңнен ойластырып қой. Жарайма? – деп отырған орнында бір қопақтап қойды. – Шарап ішесіз бе? – О, әкел оныңды, одан бас тартуға болмайды. Сосын, ұмытып барады екем… Қылмыскер біздің арамызда жүр, – деген кезде Иван қолындағы әкеле жатқан шарабын түсіріп алды. – Үйй саған не болды қалтырап, қылмыскер сен деген жоқпын ғой, тек арамызда жүр дедім. Сендей жақсы азаматтан ондай жамандық шықпайды. Не ойлайсың, менің ойым дұрыс па? – деп қарсы алдына келіп отырған Иванға тіке қарады. – Мен нақты ештеңе айта алмаймын. Кімді күдікті деп ұстаймыз, кімді тергейміз, сол жағы мені қинайды. – Сен ертеңнен бастап айналамыздағы адамдардың бәріне күдік көзіңмен қарап, іс-әрекетін қағазға түсіріп отыр. Бір ілік тапсаң, қалғанын маған қалдыр. Сосын сені бастыққа айтып, бір айға ата-анаңа жіберемін. Демалып, сағынышыңды басып келесің. Жалғыз бармай үйленіп бар, – деп бір қойды. – Ұқтым, Қырау мырза. Менің атаанам жоқ. Әкем қайтыс болған. Шешем жеңіл жүріске салынып кеткен, мен сегіз оқып жүргенде. Нағашыларымның қолында өсіп, ер жеттім. Сол кісілер оқытты, тоқытты. Мен ешқайда кетпеймін, осы қалада болам. Ал, үйлену жағына келсек, әйел затымен сөйлесе алмаймын. – Өкінішті. Ренжіме, ағаңның ойына келгенін айта салатыны бар кейде осылай. – Оқасы жоқ. Мен ондайға үйренгенмін. – Мына түшпараң дәмді екен. Шарапты ертең ішерміз. Сағат он екі болып қалыпты. Жақсы демал, мен кеттім. * * * Қырау маңайындағылардың бәрінен күдіктенді. Күдігі алдамады. Бірақ нақты осы адам деп айтатын қолында айғағы болмады. Иванның айтуымен екі әріптесін тергеді. Олар азар да безер болып, ондай ауыр қылмысқа бармай тынын айтып ақталды. Әрі олардың қылмыс орын алған кездегі уақыттары да сәйкес келмей тұр. Алибилері тастай. Тек енді басты назарда Иван ғана қалды. Бүгін үшінші күн соңына түскені. Іс-әрекетінен түк ілмек шықпай тұр. Қырау тағы да тығырыққа тірелді. Ленаның жоғалғанына айдан асып кетті. Ақыры болмаған соң Иванның үйінде жоқтығын пайдаланып, жасырын камера орнатты. Тіпті көлігіне де. Тікелей өз бақылауына алды. Жүргені, тұрғаны, жатқаны бәрі-бәрін ұялы телефонынан қашықтықтан бақылап көріп отыр. Түнгі үш. Ұйқысы келмей, төсекте дөңбекшіп жата алмады. Телефонын ашып, Иванның үйін бақылауға кірісті. Өз көзіне өзі сенер емес. Жертөледен қара пакетке салынған затты сүйреп, асханаға кірді. Стол үстіне әйелдің басын қойды. Екі қол, екі санның етін көз алдында сылып, ет турағыштан өткізді. Қырау абдырап, есін жия алар емес. Ақыры, қылмыстық топты құрықтайтындарға хабарласып, қасында қоянқолтық жұмыс істеп жүрген Иванның аса қауіпті адам екенін жеткізді. Өзі де Иванның үйінде болатынын айтып, жедел сыртқа шығып кетті. * * * Сырттан келер қауіптің жоқтығын біледі. Асықпай күндегі әдетінше, француз шарабын ішіп, ыңылдап әндетіп, қолына түскен кезекті құрбанының етін асықпай мүшелеп, қалған етін тұздап тоңазытқышқа сала бергенде, есік бұзылып ашылып, үйге Қырау бастаған бірнеше полицей кіріп келді. Иванның қашуға оқталар түрі жоқ, тіпті қарсыласпады да. Тек Қырауға айтқаны: – Саған түйеқұстың етін дайындап қойдым, жо, жо, жоқ жезөкшенің етін дайындадым. Дәмді, өзің де дәм таттың осы еттен, – деп қарқылдап тұрып күлді. Шарасыздықтан сақылдай күлген қылмыскерді сақшылар байлап, матап алып кетті. Содан кейін криминалистермен бірге үйдің ішін майшаммен қарағандай тінтіп шықты. Жертөледен Лена мен оның құрбысын тапты. Лена тірі екен. Құрбысын жақында ғана балталап өлтіріпті… Иван тергеу изоляторында барлық кінәсін мойындады. Лена мен құрбысы Иванның қылмысқа қатысы бар екенін сезіп қойыпты. Әйелдердің ағзасынан табылған ұрықтар Иванға тиісті екенін білген. Иван ұрық тапсыратын еркектер қатарынан табылған. Қаншама бала көтере алмай жүрген аналардың жатырына тұқымын септі десеңші!? Ал Иван кезекті ұрық тапсыру барысында стол үстіндегі сараптама қағазын көзі шалып, екеуін екі күн үшінде қолына түсіріп, жертөледе ойына келгенін жасаған. Бірақ, бұлар жезөкше болмағандықтан өлтірмепті. Тек Ленаның құрбысы Иванның анасының жезөкше екенін қайта-қайта бетіне басқандықтан, балталап өлтіріпті. * * * Қыраудың дәрежесі өсті. Қала тыныш. Лена үшінші баласына аяғы ауыр. Өкініштісі, құрсақта Иванның баласы. Иван Қара бүркітте өмірінің соңына дейін жазасын өтейтін болды. Түсініктеме: Құны – ит тектес аң. Ол тек жаңа жерленген мәйіттің етімен қоректенеді. Сондықтан, оны «көр қазушы» атап кетті кейбір елде.

Нұрғайып ХАВСАМЕТҰЛЫ

Құмға таңбаланған нөмір

         Сол күні  әжемнің  жанына  жаттым. Әжемнің таңертең ерте...

Қатыгез келіншек немесе Сегіз жыл сергелдеңге салған ар соты

Мына пәни өмірде адамдар арасында жанды жадырататын қуанышты жаңалықтармен...

ШҰҒЫНЫҚ

Мүлгіген мола жаққа қарды омбылай басып бара жатқа бесеуге...

Соңғы айғақ (Түнгі із)

Бүгін қалада қарашаның қара суығы жоқ. Түнімен өңменнен өткен...

Соңғы аялдама

Үйдің қос қабырғасына телміре қарап, қалың ойдың қамауынан шыға...