Қуандық Бишімбаев жазасын қайда өтейді?

Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев әлі тергеу изоляторында, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков айтты.

«Біріншіден, Бишімбаев әлі тергеу изоляторында. Екіншіден, оның жұмыс істеуіне қатысты: өндірістік аймақтарда түрлі жұмыс бар. Ол «Еңбек» Республикалық мемлекеттік кәсіпорында мысалы ағаш, металл өңдеу саласына жұмысқа орналаса алады. Қай жерде бос орын болса сол жерге бара алады.

Бұл мәселені жұмыспен қамту бөлімі шешеді, келгеннен кейін 15 күн карантинде болады. Біз оны зерттейміз, одан әрі тәрбие жұмысы жүргізіледі. Психологтар басқа тұтқындармен жұмыс істейтін болады», — дейді Жәнібеков.

Журналистер ҚАЖК басшысынан Бишімбаев жазасын қай мекемеде өтейтінін сұрады.

«Ол жақында Астана маңындағы барынша қауіпсіз мекемеге барады, бұл — Ақмола облысы. Ол жеткеннен кейін 93-бапқа сәйкес туыстарына, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға және адвокаттарға хабарлауға құқылымыз. Сондықтан мүдделі тұлғаларға ақпаратты осы форматта береміз», — деп қосты ҚАЖК басшысы.

Еске салайық, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін айыпталған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған болатын. Ал қылмысты жасырып қалған інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.