Қуандық Бишімбаев тағы өз кінәсін мойындамады

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіріп, қинады деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы да кінәсін мойындамады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтті.

«Құрметті сот, мен ешқайда, соталды тергеп-тексеру кезінде де, еш жерде өз оқиғамды айтуға мүмкіндігім болмады. Прокурорлардың қазір оқығандарының көбісі жалған, ол расталмаған және дәлел жоқ. Сондықтан 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған жоқ, мен оны мойындамаймын. Мен толық көлемде емес, адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру бойынша айтып отырмын. Түсіндіруге мүмкіндігім болады деп үміттенемін», — деді Бишімбаев судьяның сұрақтарына жауап беріп.

Бишімбаевтың ісі бойынша судья — Айжан Құлбаева. Ол бұған дейін Астанада басқа да бірқатар атышулы істерді қараған. Олардың қатарында Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевқа, журналист Махамбет Әбжанға қатысты істер және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының сотталған бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің ісі бар.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...