12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚБТУ мемлекетке қайтарылды

Динара Құлыбаеваға қатысы бар Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) мемлекет меншігіне қайтарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржылық есептілік депозитарийіндегі ақпаратқа сәйкес, енді университеттің жаңа иесі — Қайтарылған активтерді басқару компаниясы. Бұл компанияның жалғыз құрылтайшысы және қатысушысы – Қазақстан Үкіметі. Университеттің акционерлік құрамындағы өзгерістер 27 ақпанда ресми тіркелген.

ҚБТУ 2001 жылы 3 тамызда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен құрылған. Қазақстан тарапынан құрылтайшысы – Үкімет, ал уәкілетті органы – Білім және ғылым министрлігі. Британ тараптан университеттің серіктестері Ұлыбритания елшілігі мен оның негізгі өкілі Британдық кеңес болды.

2003 жылы университет «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының меншігіне өтті, сол кезде компания университеттің жалғыз акционері болған. 2018 жылы жекешелендіру бағдарламасы аясында ҚБТУ Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры қарамағына өтті. Қордың құрылтайшыларының бірі – Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева.

2023 жылы шілде айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға қол қойды. Ол кезде бұл механизм ірі коррупцияға ұшыраған тұлғалар мен әкімшілік-билік ресурстары бар олигополия топтарына қолданылатыны айтылған еді.

Вызов для памяти и воспитания

ДЕНЬ ПОБЕДЫ – ДАТА, ОТМЕЧАЕМАЯ С ГОРДОСТЬЮ И УВАЖЕНИЕМ К ГЕРОЯМ ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЫ. ОДНАКО 80-ЛЕТИЕ ПОБЕДЫ ЗАПОМНИТСЯ КАЗАХСТАНЦАМ НЕ ТОЛЬКО ПАРАДОМ, ТОРЖЕСТВЕННЫМИ МОМЕНТАМИ, НО И ЧЕРЕДОЙ СКАНДАЛОВ, КОТОРЫЕ ВОЗНИКЛИ НА ФОНЕ ПРАЗДНОВАНИЯ.

“Астана LRT“ экс-басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды

ҰҚК Антальяда "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан ұсталғанын мәлімдеді.

Қазақстан мен БАӘ қандай құжаттарға қол қойды?

Мемлекет басшысы Абу Дабидің тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.

Қазақстанда кімдер айына миллионнан аса жалақы алады?

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы бірінші тоқсан бойынша Қазақстандағы қызметкерлердің саны мен жалақысы туралы деректі жариялады.

Президент Қазақстан мен БАӘ арасындағы келісімді ратификациялады

Президент Қазақстан мен БАӘ арасындағы келісімді ратификациялады.