«ҚазМұнайГаз» қазақстандық екі МӨЗ-ді жекешелендіру туралы ақпаратты жоққа шығарды

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев қазақстандық екі мұнай өңдеу зауытын жекешелендіру жоспарланған деген ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та Атырау және Павлодар мұнай-химия зауыттарын жекешелендіру жоспарланып отыр деген ақпарат тарады. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдегім келеді. Мұндай келіссөздер жүргізілген жоқ. ҚМГ мұнай өңдеу зауытындағы барлық өндірістік процестер қалыпты жағдайда жүріп жатыр», — деді ол ҚМГ telegram-арнасында.

Еске салайық, кейбір БАҚ алдағы екі жылда екі мұнай өңдеу зауытын жекешелендіру туралы шешім «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» ҚР Президентінің жарлығы жобасында қамтылғанын және қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтіп жатқанын хабарлаған болатын.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.