Ағымдағы жылдың 15 тамызда Астана қаласы бойынша ҚАЖД Nº2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан соталғандарды еңбекпен қамту бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. Жұмыс кеңесіне мекеменің аумағында өз қызметтерін қамтамасыз етіп жүрген ЖК-дің басшылары келді. Кеңес барысында, талап қарыздары барсотталғандардың жұмыс орындарын көбейту үшін өндірісті кеңейту мүмкіндігі қарастырылды. «Бүгінгі күнге үкім бойынша талап қарыздары бар сотталғандарды барынша жұмыспен қамтамасыз ету аса маңызды болып саналады. Осы мақсатта өндірісті кеңейтіп, қосымша орындарды ашу қажет», — деп Самат Калдыбаев белгіледі.