12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЖ қызметкерлері босатылған сотталғанды үйіне жеткізді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №57 мекемесінен психиатр дәрігерінің есебінде тұрған сотталған шартты түрде мерзімінен бұрын соттың Қаулысымен босатылып шықты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, босатылып жатқан сотталғанға жол ақысы төленіп, жіберілуі қажет. Алайда, мекеменің ҚАЖ қызметкерлері денсаулығының ақауы бар сотталған азаматқа бей-жай қарамай, көмек көрсетті. Азаматтың тұрғылықты мекен-жайына адаспай баруы үшін, оны үйіне дейін шығарып салып, анасына тапсырды.

«Ұлымның соттан өтіп босатылатыны жайлы түрменің қызметкерлері хабарласып айтқан болатын. Сол кезде ұлымның денсаулық ақауларына байланысты күтіп алуға кімдер келетінің де сұраған. Менің өзімнің денсаулығым болмағаннан кейін, күтіп ала алмайтынымызды, адаспай аман-есен жетуін айтып тілеген болатынмын. Бүгін қызметкерлердің өздері келіп, үйге дейін жеткізіп салғандарын көріп, қатты риза болдым»,- деп бөлісті, босатылған сотталғанның анасы.

Сонымен қатар, №57 мекеме қызметкері тарапынан, тұрғылықты мекен-жайы бойынша есепке тұру тәртібі түсіндірілді.

Астана қаласының ҚАЖ ҚМДБ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды

ҚМДБ Астана қаласының «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Жусупов...

Победителем республиканского шахматного турнира стал сотрудник акмолинского ДУИС

Организатором республиканского онлайн турнира по шахматам выступил Комитет уголовно-исполнительной...

“Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны арқылы оңалту ”

БҚО-да Тергеу Изоляторында “Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны...

Мекеме заңгері сотталғандарға құқықтарын түсіндірді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 150-ден астам...

Түзеу мекемесінде сотталған азаматтар үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мемлекеттік...