ҚАЖ қызметкерлері ардагерлерге арнап мерекелік «естелік бейнеслайд» жасады

Абай облысында қауіпсіздігі аралас №19 мекеме қызметкерлері ҚАЖ ардагерлері туралы мерекелік «естелік бейнеслайд» жасап, оларды 1-қазан Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.
Абай облысында қауіпсіздігі аралас №19 мекеме қызметкерлері, мекемеден зейнеткерлікке шыққан ҚАЖ ардагерлерін 1-қазан Халықаралық қарттар күнімен, арнайы «естелік бейнеслайд» жасап, заманауи формада құттықтады. Олар ардагерлер бір-бірін жақсы танитын болғандықтан, олардың қызмет кездеріндегі және демалыс уақыттарындағы фотосуреттерін жинақтап, бейнеслайд жасады. Қарт ардагерлер бейнеслайдты тамаша көңілмен қабылдап, ризашылықтарын білдірді.
Біздің ардагердің үлкені 90 жасқа аяқ басып қалған, есте сақтау қабілеттері төмендеген қарттар. Ол кісілер келген адамдармен шүйіркелесіп, өткен әңгімелерін айтқысы келетіні белгілі. Бейнеслайд дәл осы әңгімені бағдарлауға тиімді болды. Оның үстіне заманауи техникалық сүйемелденген бейнеслайд олар үшін тансық болғандықтан, қарттар бір жасап қалды-дейді кадр бөлім бастығы Дидар Жумаханова
Мен осы мекеменің бастығы қызметін атқарған едім. Жыл сайынғы түрленген құттықтаулардан біз жұбайым екеуміздің жанымызға керемет жылу аламыз. Осындай құрметті, болашақ ұрпақ үшін еңбектеріміз еленгені деп білемін –дейді жасы тоқсанға келіп қалған ҚАЖ ардагері Владимир Лукич.

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...