12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Қазгидромет» 16 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 23 мамырда еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с.

Бюджетные реформы: что ожидать?

МАЖИЛИС ПАРЛАМЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН УТВЕРДИЛ ПРОЕКТ РЕСПУБЛИКАНСКОГО БЮДЖЕТА НА 2026-2028 ГОДЫ. ПРЕДСТАВЛЕННЫЙ ДОКУМЕНТ ЗАФИКСИРОВАЛ СУЩЕСТВЕННЫЙ ДЕФИЦИТ И ПРОДЕМОНСТРИРОВАЛ НЕСОГЛАСОВАННОСТЬ МЕЖДУ ЗАЯВЛЕННОЙ СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКОЙ И РЕАЛЬНЫМ ФИНАНСОВЫМ ОБЕСПЕЧЕНИЕМ, ОСОБЕННО В ОТНОШЕНИИ ПОВЫШЕНИЯ МИНИМАЛЬНОЙ ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЫ.

Елімізде үш жылда мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 2 есе өсті

Қазақстанда мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы үш жылда екі есе өсті.

Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты марапаттады

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар кімдерге берілді?

Президент Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы жарлыққа қол қойды.

Шағын бизнес алдағы үш жылда тексеруден босатылады

Үкімет жаңа Салық кодексіне біртіндеп көшу мақсатында шағын және микробизнес өкілдеріне қатысты алдыңғы жылдардағы салық тексерістерінен бас тарту туралы шешім қабылдады.