Қазақстандықтар сағат тілін қашан өзгертуі керек?

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі құрылады. Қай өңір тұрғындары жергілікті уақытты бір сағатқа артқа шегеруі керек екені айтылды. Толығырақ Tengrinews.kz — материалында.

Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылатынын хабарлаған болатын.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек», — делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан өңірлерінде бірыңғай сағат белдеуіне көшу фонында мектепте сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін екенін айтты.

Министр уақыттың өзгеруін сарапшылар қауымдастығы мен ғалымдар қабылдағандықтан, қисынды деп санайды.

«Оқу уақытына келетін болсақ, бұл жерде, әрине, қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға әкімдіктерге мүмкіндік береміз, ешқандай кедергі жоқ. Мысалы, 8:00-де сабақ басталатын мектептер сағат 8:30-да бастай алады және т.б. Мұнда әрбір ұйым мен әкімдікте дербес шешім қабылдауға болады», — деді Бейсембаев үкімет брифингінде.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда уақыт белдеуін өзгертуге қатысты соңғы шешім қабылданғаны хабарланған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.