spot_img
spot_img

Қазақстандықтар қарашада қандай мерекелерді атап өтеді?

Қазақстандықтар қарашада бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді. Олардың қатарында: Статистика күні, Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні және Сыртқы барлау күні, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Қарашада мемлекеттік мерекелер жоқ болғанымен, кәсіби күндер бар:

  • 5 қараша — Сыртқы барлау күні;
  • 8 қараша — Статистика күні;
  • 10 қараша — Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні;
  • 15 қараша — Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні және ұлттық валюта — Теңге күні;
  • 16 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) — Бұрғылаушылар күні;
  • 17 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) — Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
  • 18 қараша — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.

Кәсіби мерекелерден басқа, қарашада бірнеше маңызды мерекелер бар:

  • 11 қараша — Энергия үнемдеу күні;
  • 15 қараша — 1993 жылдан бері аталып келе жатқан Қазақстанның қаржылық тәуелсіздігін бейнелейтін ұлттық валюта — Теңге күні.

«Мейрам» мен «мереке» сөздерін қалай ажыратамыз?

Мереке — мемлекеттік, ресми түрде бекітілген салтанатты оқиғалар. Мәселен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі, Халықаралық әйелдер мерекесі, Тілдер мерекесі, Президент күні. Заңмен бекітілген барлық мейрам атаулысы мереке ретінде танылады. ҚР заңы бойынша мерекелер ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер деген мәртебелерге бөлінеді.

Мейрам деп жалпыхалықтық сипаттағы тарихи қалыптасқан әрі дәстүрге айналған салтанаттарды, той-думанды айтамыз. Мәселен, Айт мейрамы – мұсылмандардың ұлы мейрамы, Наурыз мейрамы – қазақтың ежелден бері тойлап келе жатқан, көне, ұлттық мейрамы, қымызмұрындық мейрамы —  бие байлап, алғашқы қымыз ішу рәсімі ғана емес, салт-дәстүрге айналған үлкен халықтық мейрам.  Дала дәстүріне ие мерекенің барлығы мейрамға қатысты болады, себебі мейрам — халықтың бір ауыздан қолдаған, таныған мерекесі. Оларға Құрбан айт, Наурыз мейрамы, т.б. тәрізді мемлекеттік мейрамдар жатады. Мейрамның мерекеге қарағанда аясы кең, халықаралық мәртебеге де ие.

Қарашада қалай демаламыз?

2024 жылғы қарашада аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар мына күндері демалады: 2, 3, 9, 10, 16, 17, 23, 24 және 30 қараша. Алты күндік жұмыс аптасы бар қызметкерлер үшін демалыс күндері тек жексенбі күндері болады: 3, 10, 17 және 24 қараша. Сенбі олар үшін жұмыс күні болып қала береді.

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.