Қазақстандықтар қарашада қалай демалады?

2024 жылдың қарашасында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалады және 21 жұмыс күні болады. Tengri Life айлық күнтізбе дайындады.

Қазақстанда күздің соңғы айы мемлекеттік немесе ұлттық мерекелерсіз өтеді, сондықтан ел тұрғындары тек демалыс күндері демалады. Қарашадағы демалыс күндерінің саны жұмыс аптасына байланысты болады: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер тоғыз күн демалады, ал алты күндік жұмыс істейтіндер тек төрт күн демалады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 2, 3, 9, 10, 16, 17, 23, 24 және 30 қарашада демалады. Алты күн жұмыс істейтіндерге демалыс күндері тек жексенбіде болады: 3, 10, 17 және 24 қараша.

Мемлекеттік мерекелердің болмауына қарамастан, қараша әртүрлі салаларда атап өтілетін кәсіби даталарға бай:

  • 5 қараша — Сыртқы барлау күні;
  • 8 қараша — Статистика күні;
  • 10 қараша — Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні;
  • 15 қараша — Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні және Ұлттық валюта – теңге күні;
  • 16 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) – Бұрғылаушы күні;
  • 17 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
  • 18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні.

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Қазақстан жылыжай көкөністерінің импортын арттырып келеді 

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, суық маусымда Қазақстанның импорттық көкөністерге деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен қыста шетелден жеткізілген қияр көлемі қараша және желтоқсан айларында күрт өскен. Бұл үрдіс 2026 жылдың алғашқы айларында да жалғасын тапты.

Ресей мен Украина бітімге келе ме: Қазақстан үшін келіссөздің маңызы қандай? 

Өткен аптада, тоғыз айлық үзілістен кейін, Украина мен Ресей АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде келіссөз үстеліне қайта отырды. Екі күнге созылған кездесуде тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде алдын ала уағдаласқанымен, аумақтық мәселе мен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты ортақ шешімге келе алмады.