spot_img
spot_img

Қазақстандықтар наурызда қосымша демалыс күндерін алады

Көктемнің бірінші айында қазақстандықтар бірнеше күн демалады.

Наурызда бірден екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21-23 наурыз). Демалыс күндері ауыстырылуына байланысты азаматтар қосымша демалыс күндерін алады.

Нәтижесінде 2025 жылғы наурызда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 14 күн, ал алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.

Қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады?

Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс дүйсенбі, 10 наурызға ауыстырылады.

  • бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8, 9 және 10 наурыз — демалыс күндері;
  • алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8 және 9 наурыз — демалыс, 10 наурыз — жұмыс күні.

Қазақстандықтар наурыз мерекесінде қалай демалады?

Наурыз — жылдың басты мерекелерінің бірі. 2025 жылы мереке күндері жұма, сенбі және жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.

  • бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 21-25 наурызды қоса алғанда бес күн қатарынан демалыс;
  • алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері 21, 22, 23 және 24 наурыз болады, ал сейсенбі, 25 наурызда жұмысқа шығады.

Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 190 бала қаза тапқан

Ең көп жағдай Түркістан облысында болған: 34 бала қаза тапқан, 280-і жарақат алған. Қайғылы статистика бойынша екінші орында – Алматы облысы, 22 бала қаза тапқан, 858-і зардап шеккен. Үштікке Жамбыл облысы кіреді – 18 бала қаза тапқан, 513-і жарақат алған.

Астанада LRT станцияларының атауы бекітілді

Астанада мәслихат депутаттары жеңіл рельсті көлік (LRT) станцияларының ресми атауын бекітті.

Абай облысындағы трагедия: не белгілі?

Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үш балаға дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр.

Мемлекет басшысы Бішкекке барады

22 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады.

«Помогите остановить произвол!»

«ПОМОГИТЕ ОСТАНОВИТЬ ПРОИЗВОЛ! МОЮ ДОЧЬ ХОТЯТ НЕЗАКОННО ЛИШИТЬ СВОБОДЫ», – ИМЕННО С ТАКИМИ СЛОВАМИ В РЕДАКЦИЮ «ЮРИДИЧЕСКОЙ ГАЗЕТЫ» ОБРАТИЛАСЬ ЖЕНЩИНА, РАССКАЗАВ О НЕПРОСТОЙ СИТУАЦИИ, В КОТОРОЙ ОКАЗАЛАСЬ ЕЕ ДОЧЬ – ЖИТЕЛЬНИЦА КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ, ФИНАНСОВЫЙ ДИРЕКТОР И ОФИЦИАЛЬНЫЙ УЧАСТНИК ТОО «Q-MED COMPANY GROUP» ДИАНА ВАДИМОВНА ЮН, НА КОТОРУЮ В НАСТОЯЩЕЕ ВРЕМЯ ЗАВЕДЕНО УГОЛОВНОЕ ДЕЛО.