Қазақстандық бітімгерлер ротасы Голан жоталарына жетті

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Қазақстан аумағынан Сирия астанасы Дамаскіге ұшып барып, Фауар бітімгерлік базасына дейін автокөлікпен жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Базаның орналасқан жеріне қарсы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау жөніндегі міндеттерді орындауға арналған әскери техника мен мүлік те жеткізілді. Қазақстандық жасақтың құрамында 139 әскери қызметші бар.

Ұлттық контингенттің жеке құрамы базаға орналасып, жайғасып жатыр. Рота штабы істерді қабылдау және «БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері» миссиясы қолбасшысының резервтік ротасының функционалын нақтылау жұмысына кіріседі.

«Бәрі жоспар бойынша іске асырылып жатыр. Жексенбі күні бітімгерлерге жүктелген міндеттерді зерделеу бойынша жеке құраммен сабақтар өткіземіз, ал дүйсенбіде оларды іс жүзінде пысықтауды бастаймыз», — деді қазақстандық бітімгерлік контингентінің командирі, подполковник Жігер Аипов.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.