Қазақстандағы су үстінен өтетін ең ұзын көпір қашан ашылады?

Көлік министрлігі Tengri Auto сұрауына берген жауапта, бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің аралық құрылыстары, тіректерін салу және металл конструкцияларын орнату жұмыстары толық аяқталғанын хабарлады.

Бұқтырма Қазақстандағы ең ірі су қоймасы саналады, сондай-ақ ауданы бойынша әлемдегі ең ірі жасанды су қоймаларының ондығына кіреді — Зайсан көлін қоса алғанда, 5490 шаршы шақырым. Ол Ертіс өзеніндегі Бұқтырма ГЭС бөгеті арқылы қалыптасқан.

Министрлік көпірдің жол төсемінің 60 пайызы және 19,9 шақырымдық кірме жолдардың 40 пайызы асфальтбетонмен жабылғанын хабарлады.

«Келесі айдың аяғында автокөлік құралдарына жолды ашу жоспарланған. Жол ашылғанға дейін көлік министрлігінің мамандары көпірде қажетті тест жұмыстарын жүргізеді. Екі жолаққа есептелген автомобиль көпірі Қазақстандағы су бетінен өтетін ең ұзын көпір болады, оның ұзындығы 1316 метр, ал өткізу қабілеті жылына 80 мың автомобильге жетеді», — деді Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...