Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер аталды

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер тізімін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы (Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Алматы және Жетісу облысы — еск.ред.).

Бұл ретте, 30 қазанда магнитудасы 4,5 жер сілкінісі тіркелген Қарағанды облысы, сондай-ақ 27 шілдеде сейсмикалық оқиға болған Қостанай облысы сейсмикалық қауіпті өңірлер тізіміне кірмейді.

ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының» мәліметтері бойынша, 1965 жылдан бастап бұл аймақтарда 9-дан аспайтын шағын энергетикалық класы бар жүздеген оқиғалар тіркелген. Ерекше жағдай 2003 жылы болды, 11.2 класы. Бірақ бұл жер сілкіністері бұл аймақ үшін «фондық». Олар қауіп төндірмейді. Бұл табиғи құбылыс, геологиялық процесс жүріп жатыр. Бұл аймақтар үшін энергетикалық класы 8 және 9 болатын жер сілкінісі фондық, ал кіші класс одан да жиі тіркеледі. Олар сезілмейді, оларды сейсмикалық датчиктер тіркейді», — деп түсіндірді ТЖМ.

Еске салайық, алматылықтар жер сілкінісін сезді. ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қараша Астана уақыты бойынша 10.00-де жер сілкінісі тіркелді.  Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы:

  • Алматы 3 балл
  • Талғар 4 балл
  • Есік 4 балл
  • Түрген 3.0 балл
  • Өтеген-Батыр 3 балл
  • Боралдай 2 балл
  • Маловодное 2 балл
  • Ж.Қайыпов 2 балл
  • Алатау (Жетіген) 2 балл
  • Қарасай (Қаскелең) 2 балл

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.