Қазақстандағы АЭС бойынша референдум қалай өтеді?

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров биыл 6 қазанда АЭС салу бойынша референдум қалай өтетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақстанда 12 176 968 сайлаушы барын атап өтті.

«Референдумда жалпы 10 327 сайлау учаскесі болады. Қазақстандықтардың тіркелген жері бойынша сайлау учаскесінің саны — 9 709, уақытша учаске — 618. Мұнда 78 сайлау учаскесі (63 елде) шетелде орналасады. Барлық сайлау комиссиясының мүшелерінің саны 70 мың 49 адам болады», — деді Константин Петров.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі науқан қалай жүргізілетінін түсіндірді:

  • 12 қыркүйекке дейін жергілікті атқарушы билік БАҚ-та сайлау учаскелерінің шекарасы туралы, ал аумақтық референдум комиссиясы сайлау комиссиясының құрамы және олардың орналасқан жері туралы ақпаратты жариялайды;
  • 15 қыркүйекке дейін жергілікті атқарушы билік әкімнің қолы қойылған сайлаушылардың тізімдерін референдум учаскесіне, ал жоғары тұрған комиссияға және Орталық сайлау комиссиясына тізімнің электронды нұсқасын беруге тиіс;
  • 26 қыркүйекке дейін учаскелік референдум комиссиялары дауыс берушілердің тізімін алғаннан кейін ауқымды жұмысты бастайды: азаматтар дауысты қашан және қайда бере алатыны, не үшін дауыс беру керегі, сайлау учаскесі қай мекенжайда орналасқаны туралы ақпаратты береді;
  • Бюллетеньдер дауыс беру күніне дейін 1 күннен кешіктірілмей жеткізілуі керек;
  • 5 қазан — үнсіздік күні. Үгіт-насихат дауыс беру күніне дейін түнгі сағат 00.00-де аяқталады.
  • 6 қазан — референдум күні. Дауыс беру сағат таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Дауыс берушілерге ыңғайлы болу үшін аумақтық референдум комиссиялары өзге уақытты белгілеуі мүмкін. Мысалы, вахталық әдіс арқылы жұмыс істейтіндер үшін.
  • 12 сағаттың ішінде дауыс саналады. Өңірлерге Орталық референдум комиссиясына дауыс беру қорытындысының жиынтық хаттамасын жинауға және жеткізуге 2 күн беріледі.
  • Орталық комиссия 7 күн ішінде референдумның қорытындысын белгілеп, ресми хабарламаны БАҚ-та жариялауға тиіс.

Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу мәселесіне қатысты ұлттық референдум 6 қазанда өтетінін мәлімдеген еді.

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген. Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17...

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.