Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыру жүйесіне өзгерістер енгізіп жатыр. Енді жүргізуші куәлігіне үміткерлер екі факторлы аутентификациядан өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Екі факторлы аутентификация – қолданушының екі түрлі әдіспен өзін-өзі растау тәсілі: біріншісі – СМС хабарламаның көмегімен, екіншісі – биометриялық сәйкестендіру арқылы.

Қызмет алушыға тестен өтпес бұрын 1414 нөмірінен жеке деректерге қатысты сұрау салу туралы хабарлама келеді. Айта кету керек, SMS қолданушының Электрондық үкімет порталының жеке кабинетіне тіркелген телефон нөміріне жіберіледі.

Сәтті авторизациядан кейін қызмет алушы биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

«Алаяқтар күн сайын алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып жатыр. Осы орайда біздің қызметкерлеріміз де заңбұзушылықтарды анықтау үшін үлкен жұмыстар атқарады. Сонымен қатар Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетудің сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Ендігі кезекте, екі факторлы аутентификацияны енгізу емтихандағы бұзушылықтардың санын азайтуға көмектеседі деп сенемін. Сәйкесінше, қызмет алушының деректері де сенімді қорғалады», – деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, жаңа бастама әзірге 11 қазаннан бастап Астана қаласында енгізіледі. Ал еліміздің мамандандырылған ХҚКО-да екі факторлы аутентификацияны жыл соңына дейін енгізу жоспарланған.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.