Қазақстанда жүк көліктері қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Жыл сайын жазғы уақытта Қазақстанда жүк көліктері қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. «ҚазАвтоЖолда» бұл шаралар жол жабынын сақтауға және жоғары температура жағдайында жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шектеулердің мерзімі өңірлерге байланысты 1 маусымнан 31 тамызға дейін, 1 маусымнан 15 тамызға дейін енгізіледі. Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

  • Алматы облысы;
  • Атырау облысы;
  • Жамбыл облысы;
  • Жетісу облысы;
  • Ұлытау облысы;
  • Қызылорда облысы;
  • Түркістан облысы;
  • Маңғыстау облысы.

Жыл сайын 1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

  • Абай облысы;
  • Ақмола облысы;
  • Ақтөбе облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.