Қазақстанда жедел жәрдем қызметінің қағидалары өзгеруі мүмкін

Елімізде жедел жәрдем қызметі 4 санаттағы шақыртуларға тәулік бойы қызмет көрсетуді тоқтатуы ықтимал, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжаттың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

4 санаттағы шақыртуға адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін аурулардың (жіті немесе созылмалы аурудың асқынуы) өршуі жатады.

«Денсаулық сақтау министрлігі 4 санаттағы шақыртуларға жедел жәрдем қызметі жұмыс күндері таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 18:00 барады, ал сенбіде таңғы 8:00-ден 12:00-ге дейін қызмет көрсетеді», – деп жазылған құжаттың жобасында.

ДСМ бүгінгі тариф жедел медициналық қызметтің барлық шығынын жаппай отырғанын атап өтті. Сондықтан осындай қадамға баруға мәжбүр.

«Қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды ұстау тиімсіз, бұл кредиторлық берешектің пайда болуына әкеледі», – деп жазылған құжаттың жобасында.

Осылайша, министрлік жедел жәрдемді шақырту уақытына өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Өзгеріс қолдау тапса, 4-санаттағы шақыртуға мамандар қоңырау түскен сәттен бастап 120 минут ішінде баруы шарт.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...