12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастады

15 маусымнан бастап жаңа үлгідегі жеке куәлік қолданысқа енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.

Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері — 738,4 теңге).

Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады. Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек құжатының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыруы керек болған кезде ала алады. Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайды.

Новая глава в истории парламентаризма

КАЗАХСТАН СТОИТ НА ПОРОГЕ ОДНОЙ ИЗ ВАЖНЕЙШИХ ПОЛИТИЧЕСКИХ ТРАНСФОРМАЦИЙ ЗА ПОСЛЕДНИЕ ДЕСЯТИЛЕТИЯ. В СТРАНЕ НАЧАЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА, НАЦЕЛЕННАЯ НА ПЕРЕХОД К ОДНОПАЛАТНОМУ ПАРЛАМЕНТУ.

Елде әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмайды – репродуктолог

Қазақстанда бедеулік көбейіп барады. 50% жағдайда кінәрат ерлердің денсаулығынан табылады. Жалпы, бедеуліктің артуы 95% жағдайда туа біте емес, адамның өзінің немқұрайлы қарауынан туындайды.

Бағаға мораторий және мұнай нарығы: Қазақстан энергетикасына әсері қандай?

Өткен аптада Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет мүшелерімен және мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізді. Кеңесте 16 қазаннан бастап АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын өсіруге мораторий жариялады. АИ-92 және дизель отынына бағаны өсіруге жарияланған мораторий елдің энергетика саласына қалай әсер етеді?

Қырғызстан өлім жазасын қайта енгізе ме? – БҰҰ қарсылық танытты

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк Қырғызстан билігін өлім жазасын қалпына келтіру әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырып, мұндай регрессивті қадам халықаралық құқықты өрескел бұзу болып табылатынын ескертті.

Қазақстанда барлық мемлекеттік мобильді қосымша біріктіріледі

Ыңғайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру мақсатында барлық мемлекеттік мобильді сервис SuperApp қағидаты бойынша eGov және Aitu экожүйелеріне кезең-кезеңімен біріктіріледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.