12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгерді?

Ұлттық статистика бюросы тамызда тұрғын үй мен жалдау бағасының өзгеруі туралы мәліметтерді жариялады. Бюро баға индекстерін көрсететін электрон кесте шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2023 жылғы тамыздан бастап бір жыл ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағасы 2,7 пайызға көтерілді. Бағаның ең елеулі өсімі Ақтөбеде байқалды — өсім 7,9 пайыз. Жылдық өсім бойынша көшбасшы:

  • Талдықорған (+7,2 пайыз);
  • Қызылорда (+7,1 пайыз);
  • Көкшетау (+5,9 пайыз).

Астанада жаңа ғимараттар бір жылда 2,4 пайызға, Алматыда 3,8 пайызға қымбаттаған.

Қайталама нарықта баға бір жылда орта есеппен 4,9 пайызға өсті. Өсім бойынша көшбасшылар — Атырау (17,3 пайыз) және Астана (12 пайыз). Алматыда қайталама тұрғын үй бағасы 2,2 пайызға өсті.

2024 жылғы тамызда үйді жалға алу бағасы былтырғымен салыстырғанда 4,2 пайызға өсті. Негізінен жалдау құны Петропавлда (23,5 пайыз), Қарағандыда (22,4 пайыз), Шымкентте (20,8 пайыз) және Астанада (20,6 пайыз) қымбаттады. Бұл ретте Алматыда жылдық төмендеу (-5,2 пайыз) тіркелді.

Бюро мәліметінше, жаңа тұрғын үйдің шаршы метріне ең жоғары баға Астана (585 617 теңге), Алматы (567 341 теңге) және Шымкент (435 005 теңге) қалаларында байқалады.

Пәтерді қайта сату нарығында бағалар мынадай болды: Астанада бір шаршы метр үшін 637 980 теңге, Алматыда 593 885 теңге және Атырауда 441 155 теңге.

Тұрғын үйді жалға алу Алматыда ең жоғары (шаршы метріне 5 280 теңге), Астана екінші орында (4 616 теңге), ал үздік үштікті Қарағанды ​​(4 023 теңге) жапты.

Ерлан Қошанов: Биыл 100 заң қабылданды

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар биыл 100 заң қабылдағанын айтты.

Алматы автобустарында жолақысын төлеудің жаңа тәсілі енгізілді

Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің қосымша тәсілі іске қосылды. Енді автобус төлемін елдегі танымал банктердің бірінің QR-коды арқылы төлеуге болады.

Жеңілдік пен 16% салық: Жаңа Салық кодексінің басты өзгерістері

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңартылған ережелері күшіне енеді. Құжатта ҚҚС мөлшерлемелері, салық салынбайтын операциялар, есепке жатқызу тәртібі және декларация тапсыру мерзімдері нақты айқындалған.

Мәжіліс 2025 жылды қорытындылады

Бүгін Мәжіліс 2025 жылдың қорытынды жалпы отырысын өткізді. Палата төрағасы Ерлан Қошанов биыл атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Стратегия роста и новые возможности 

МАНГИСТАУСКАЯ ОБЛАСТЬ ПО ИТОГАМ ТЕКУЩЕГО ГОДА ДЕМОНСТРИРУЕТ ВПЕЧАТЛЯЮЩУЮ ДИНАМИКУ,...