Қазақстанда қанша көлік тіркелген?

Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 579,4 мыңға жетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйеніп.

2024 жылғы тамызда 141,5 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 44,1 пайызға өскен. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 579,4 мың бірлікті құрады, оның 88 пайызы — жеңіл автомобильдер, 9,9 пайызы — жүк көлігі және 2,1 пайызы — автобустар.

Шығарылған жылдары бойынша 3 жылдан аспайтын автомобильдердің үлесі автопарктің — 6,2 пайыз, шығарылған жылы 3-тен 7 жылға дейінгі көлік үлесі — 13,1 пайыз, 7-ден 10 жылға дейін — 11,9 пайыз, 10 жылдан 20 жылға дейін — 23,8 пайыз, 20 жыл бұрын өндірілген автомобильдердің үлесі — 44,8 пайыз. Айта кетейік, екі жыл бұрын шығарылған жылы 20 жылдан асатын машиналардың үлесі (2022 ж. 1 қыркүйекке) 50,8 пайыз болған.

Өңірлер бөлінісінде шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқан автомобиль саны Алматы қаласы мен Алматы облысында ең көп. Тиісінше 206 мың және 361 мың, одан кейін Жамбыл — 190,5 мың бірлік, Қарағанды — 183,3 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облыстарында — 177,3 мың бірлік. Шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын көлік саны бойынша Алматы (55,3 мың), Астана (42 мың) қалалары және Алматы облысы (22,4 мың) алда.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.