Қазақстанда қай елдің азаматтары көп жұмыс істейді?

Қазақстанда 13 707 шетел азаматы жұмыс істейді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай салаларда шетелдіктер көп?

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер мына салаларда:

  • құрылыс саласында 5 144 адам,
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында 1 638 адам,
  • әкімшілік және көмекші қызметтер саласында 1 439,
  • өңдеу өнеркәсібі 1 376 адам,
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу 1 344 адам.

Еңбек мигранттары көбіне қай елден келеді?

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай — 4 600 адам, Өзбекстан — 1 698 адам, Түркия — 1 145 адам, Үндістан — 1 101 адам.

«Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23 пайыз немесе 21,5 мың бірлік мөлшерінде белгіленді», — деп жазылған хабарламада.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.