Қазақстанда Наурыз мейрамы жаңаша тойланады: 10 күндік кесте жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тәсілі туралы айтты. Биылдан бастап Қазақстанда көктем мерекесі жаңа форматта тойланады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаевтың айтуынша, Наурызнама онкүндігі жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өтеді. Наурыздың бірегей логотипі бекітіліп, еліміздің барлық аймағына жіберілді.

«Тарихта Наурызды тойлау 8-9 күнге жалғасқан. Оны «Наурызнама» деп атаған. Бұл туралы деректер ұлы философ-жазушыларымыз Махмұд Қашғаридің, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, Абай Құнанбайұлының, Мұхтар Әуезовтің еңбектерінде жазылған», — деді Сәбит Барлыбаев.

Ол мереке күні ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарын бөлісті.

  • 14 наурыз — Көрісу күні — Амал мерекесі. Бұл дәстүр негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Қазір бұл мерекені барлық аймақта тойлау ұсынылды.
  • 15 наурыз — Қайырымдылық күні. Бұл күнді ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арнаймыз.
  • 16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналып, республика бойынша түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланып жатыр.
  • 17 наурыз — «Шаңырақ күні». Осы күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді.
  • 18 наурыз — Ұлттық киімдер күні. Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шара өткізу ұсынылып отыр.
  • 19 наурыз — Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.
  • 20 наурыз — Ұлттық спорт күні. Бұл күні елдің барлық аймағында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.
  • 21 наурызды — Ынтымақ күні. Оның басты мақсаты — жалпы халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.
  • 22 наурыз — Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңке ұйымдастырылады. 14-23 наурыз аралығында «Наурыз-базарлық» маусымы жарияланады. Бұл күндері сауда орындарында жаппай сатылымдар өтеді.
  • 23 наурыз — Тазару күні. Наурызнаманың қорытынды күні, жаңа жылды тұтас ел болып, жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде етіп жарияланады. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.

Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі Наурыз мерекесін тойлауға арналған жалпы республикалық жоспар әзірледі. Құжатта барлық форматтағы іс-шаралар қамтылған.

Жалпы республика бойынша 10 мыңнан аса іс-шара өткізіледі. Ал басты мереке 21 наурызда Астанадағы ЭКСПО көрмесінің аумағында өтеді. Бұл мереке аясында киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазір мерекенің тұжырымдамасы бекітіліп, дайындық жүргізіліп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.