Қазақстанда машина жасау зауытын сату тоқтатылды

Индустрия және құрылыс министрлігі Алматыдағы Киров атындағы машина жасау зауытын сату жөніндегі конкурс өткізілмейтінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі С.М. Киров атындағы «Машина жасау зауыты» АҚ-ның 100 пайыз жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты, биылғы 28 ақпанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ-на тапсырма жіберілді. Осылайша, сауда-саттық өткізілмейді», — делінген хабарламада.

Конкурстың өткізілмеуі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 9 қаулысы бойынша қабылданған шешімдерді жаңарту және нақтылау қажеттілігіне байланысты екені айтылды.

Айта кетейік, сауда 12 наурызда басталуы керек еді. Аукциондағы бастапқы баға 6,1 миллиард теңге болып белгіленген.

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.