Қазақстанда көлікті техникалық байқау тәртібінде не өзгереді?

Қазақстанда автомобильдерді техникалық байқау операторларына бақылауды күшейту жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tengri Auto.

Көлік министрлігі мәліметінше, бұған дейін техникалық байқау орталығының ашылуы жабдықтар мен білікті персоналдың болуын растамай, тек аймақтық инспекцияларды хабардар етуді талап еткен.

Комитет берген ақпарат бойынша, бұл өзгерістер жосықсыз операторларды нарықтан шығарып тастайды.

«Бұл заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге техникалық байқау орталықтарын ашуға рұқсат алу, сондай-ақ стандарттарға сәйкес келетін ғимараттың, тиісті сертификатталған жабдықтың және білікті мамандардың болуын растау қажет», — деді ведомство өкілдері.

Заңға тәуелді актілерге өзгерістер биылғы қарашаның ортасына дейін жалғасатын жария талқылауға орналастырылған.

Қазіргі операторларға материалдық-техникалық базаның болуын растау үшін алты айға кейінге қалдыру нормасы берілді.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.