12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда колледждерге бөлінетін қаржы көбейеді

Қазақстанда колледжерге бөлінетін қаржы өседі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Ғани Бейсембаев айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіптік білімді реформалаудың экономиканы дамытудағы рөліне айрықша тоқталып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған.

«Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әлемдегі тенденцияларды және ішкі сын-қатерлерді есепке ала отырып кәсіптік білім жүйесі трансформацияланады», — деді Ғани Бейсембаев.

Сондықтан техникалық және кәсіптік білім жүйесінің қаржылық моделінің жаңартылады.

«Біріншіден, колледждерді қаржыландыру көздері әртараптандырылуы тиіс. Оларға тоқталып өтсем:

  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы;
  • Кадрларды даярлауға мақсатты тапсырыстар беретін жұмыс берушілер;
  • Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының тауарлар мен қызметтерді өндіру есебінен түсетін өз табыстары», — деді министр Үкімет отырысында.

Екіншіден, бұл жан басына шаққандағы нормативке қатысты.

«Ол негізгі және жаңа ынталандыру бөліктерінен тұруға тиіс. Бұл ретте ынталандырушы төлемдер теңдестірілген көрсеткіштер жүйесінің мәндеріне қол жеткізген кезде беріледі. Оны іске асыру кезінде бірінші лигаға жататын техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында мамандықтар тобына байланысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бір білім алушыға 891 мың теңгеден 1,3 млн теңгеге дейін арттырылуы мүмкін», — деді Ғани Бейсембаев.

Министр жалпы колледждерді жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің мөлшерін ұлғайту үшін 2025-2027 жылдарға арналған қосымша қажеттілік көлемі 178,3 миллиард теңге болатынын атап өтті.

«Оның ішінде 2025 жылға – 53,7 млрд теңге керек. Қазір жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің жаңа әдістемесінің жобасы Қаржы министрлігімен бірге пысықталып жатыр. Оның қорытындысы бойынша республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі», — деді ведомство басшысы.

Ерлан Қошанов: Биыл 100 заң қабылданды

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар биыл 100 заң қабылдағанын айтты.

Алматы автобустарында жолақысын төлеудің жаңа тәсілі енгізілді

Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің қосымша тәсілі іске қосылды. Енді автобус төлемін елдегі танымал банктердің бірінің QR-коды арқылы төлеуге болады.

Жеңілдік пен 16% салық: Жаңа Салық кодексінің басты өзгерістері

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңартылған ережелері күшіне енеді. Құжатта ҚҚС мөлшерлемелері, салық салынбайтын операциялар, есепке жатқызу тәртібі және декларация тапсыру мерзімдері нақты айқындалған.

Мәжіліс 2025 жылды қорытындылады

Бүгін Мәжіліс 2025 жылдың қорытынды жалпы отырысын өткізді. Палата төрағасы Ерлан Қошанов биыл атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Стратегия роста и новые возможности 

МАНГИСТАУСКАЯ ОБЛАСТЬ ПО ИТОГАМ ТЕКУЩЕГО ГОДА ДЕМОНСТРИРУЕТ ВПЕЧАТЛЯЮЩУЮ ДИНАМИКУ,...