Қазақстанда грант иегерлеріне міндетті жұмыспен өтеуді енгізу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар отандық кадрлардың басқа елдерге кетуі мәселесін көтерді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісмен премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға осындай депутаттық сауал жолдады.

«Бүгінде отандық экономиканы дамыту үшін жұмысқа орналасудың орнына Оңтүстік Кореяда, Польшада, Чехияда, Ұлыбританияда, Германияда және басқа да елдерде қара жұмысты таңдайтын техникалық және жоғары білімі бар мамандарды дайындап жатқандай көрініс қалыптасты. Жалпы, Халықаралық көші-қон ұйымының 2023 жылғы мәліметтері бойынша 193 мың қазақстандық еңбек эмигранттары», — деді Сұңқар Мәжілістің жалпы отырысында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, 2024 жылы экономиканың аса тапшы салаларының бірі құрылыс, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі болып табылады. Ведомствоның болжамы бойынша, бұл салаларда мамандардың жетіспеушілігі арта береді, деді депутат. Бұл білім беру және денсаулық сақтау салалары туралы емес.

«Жыл сайын осы және басқа да бағыттар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді. Мысалы, 2019 жылы жоғары оқу орындарына құрылысқа 2 900 грант, ауыл, орман және балық шаруашылығына – 1 600 грант, көлік пен қоймаға – 4 248 грант бөлінді. (…) Біздің ойымызша, 2019 жылы түскен мамандар 2023 және 2024 жылдардағы бос жұмыс орындарын жабуы керек еді. Алайда мұны көре алмай отырмыз», — деді депутат.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Ислам Сұңқар мемлекеттік білім беру грантының иегерлері үшін меншік нысанына қарамастан тиісті саладағы бейін бойынша міндетті жұмыспен өтеуді енгізуді ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...