Қазақстанда баспана сатып алу және сатудың жаңа әдісі ұсынылды

Қазақстанда үй сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу ұсынылып отыр. Отбасы банк төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бұл нарықта әділдік орнатуға және алданған үлескерлер санын азайтуға көмектеседі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенат дәлізінде Отбасы банк басшысынан ҚҚС (қосылған құн салығы — еск.) өсімі Қазақстандағы тұрғын үй нарығы мен бағасына қалай әсер етуі мүмкін екені сұралған.

Ләззат Ибрагимованың сөзінше, бухгалтерлік есеппен, ҚҚС-пен жұмыс істейтін ірі компаниялар баға өскенін сезбейді. Алайда бір-екі үй салатын шағын құрылыс компаниялары есеп жүйесін қайта құруы қажет болады.

«ҚҚС өсімі бухгалтерлік есептері дұрыс, ҚҚС-пен жұмыс істейтін ірі компанияларға әсер етпейді. Өйткені сатып алынатын материалдар мен шикізатты дұрыс есепке алса, ҚҚС салынып қояды және оны шегеруге болады», — деді Ибрагимова.

Алайда кішігірім компаниялар үшін бұл жаңалық қиынға соғуы мүмкін, өйткені олар ашық есепке көшуге мәжбүр болады.

«Қазір көптеген құрылыс компаниясы салықтан жалтару үшін бірнеше шағын фирма құрып алады. Осылайша үлескерлер далада қалып жатады, өйткені шағын құрылыс компаниясына ақша салады да, кейін құрылыс компаниясын таба алмай қалады», — деді банк басшысы.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, тағы бір маңызды бастама — жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшу.

«Қазір екі бастама маңызды: бірі — қолма-қол ақшасыз үй сатып алу. Бұл нарықты көлеңкеден шығаруға көмектеседі. Оған қоса тұрғын үй сатып алу кезінде ҚҚС енгізу бар», — дейді ол.


ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.