Қазақстанда ауыл шаруашылығына қатысты тыйым ұзартылды

Қазақстанда 2024 жылдың 8 қаңтарында енгізілген тыйым тағы 6 айға ұзартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан аумағынан ІҚМ және ҰМ аналық басын әкетуге тыйым салуды 6 ай мерзімге ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл тыйым Қазақстанда биылғы 8 қаңтарда енгізілді. Мемлекеттің сүт-тауарлы фермаларын ауқымды салу және аустралиялық әдіспен мал шаруашылығын дамытуды қолдау жөніндегі міндеттерді ескере отырып, тыйым салуды тағы 6 айға ұзарту туралы шешім қабылданды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көліктің барлық түрлерімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салу жыл аяғына дейін ұзартылды. Елге бидайды «көлеңкелі схема» арқылы әкелу және оны Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан автокөлікпен кері экспорттау қаупі әлі де сейілген жоқ. Қазақстанда былтырғымен салыстырғанда жоғары болады деп күтілетін дәнді дақылдарды жинау болжамдары да назарға алынған.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.