Қазақстанда Ауғанстаннан алынатын газдалған сусын тексерілді

Ауғанстанда жасалған, Қырғызстанда тыйым салынған «Золотая жизнь» газдалған анар сусыны Қазақстанда тексерістен өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында Бішкекте газдалған «Золотая жизнь» сусынының ірі көлемі сатылымнан алынғаны белгілі болды.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметінше, олар Royal, Paradise, Mani, Pure, «Золотая жизнь» алкогольсіз газдалған сусындарға санитарлық тексеру жүргізген.

«Газдалған сусындарды таңбалау Кеден одағының «тамақ өнімдерін таңбалау бөлігіндегі» техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды», — деп хабарлады комитет Tengrinews.kz ресми сауалына жауап ретінде.

Қазақстандық мамандар сусындар «құрамында бояғыш (азорубин Е122) бар» деген ескерту жазуы жоқ екенін анықтады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бұл зат балалардың белсенділігі мен назарына теріс әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, қаптамада сусындардың құрамы мен тағамдық құндылығы, сондай-ақ жасалған күні мен жарамдылық мерзімі көрсетілмеген.

«Сондай-ақ, аталған сусындарға сәйкестік туралы декларациялар жоқ екені анықталды, бұл дайындаушының (импорттаушының) Кеден одағы техникалық регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімдерінен өтпегенін көрсетеді», — деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.

Ішкі нарықты қорғау мақсатында комитет тексеру нәтижелері туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабарлаған. Ол, өз кезегінде, сауда кәсіпорындарына рұқсат құжаттарынсыз аталған өнімді сатып алмауды ескертуі керек. «Золотая жизнь» сусынын және басқаларын сатуға әлі ресми тыйым жоқ.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.