Қазақстан Республикасы судьяларының ІХ съезі не дейді?

           Ағымдағы жылдың 04 қазанында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан Республикасы судьяларының ІХ съезі өткізілді. Аталған іс-шараға еліміздің барлық аймақтарынан судьялар корпусының делегаттары ретінде барлық сатыдағы, сондай-ақ Жамбыл облысы соттарының судьялары да қатысты.

           Судьялар съезі барысында судьялар қауымдастығы сот жүйесін жүзеге асырумен байланысты актуалды, өзекті мәселелерді талқылап, алдағы стратегиялық міндеттерді айқындайды, сот жүйесін одан әрі дамыту үшін маңызды шешімдер қабылданады, яғни сот саласы үшін өте маңызды іс-шара.

           Судьялар съезі төрт жылда бір рет өткізіліп тұратын іс-шара. Яғни төрт жыл бұрын Судьялар съезін өткізу пандемия өршіп тұрған мезгіліне тұспа-тұс келіп, алайда пандемия кедергі болмай іс-шара онлайн режимінде өткізілген болатын.

Сонымен, биылғы өткізілген судьялар IX съезінде сот жүйесі үшін мынадай маңызды мәселелер талқыланды:

  • 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап үш кассациялық сотты құру, сот жүйесінің институционалдық дербестігін нығайту, кадрларды іріктеу жүйесін жаңдандыру;
  • Судьялардың этикалық нормаларын сақтауы, судьялардың мінез-құлқының жоғары стандарттарын бекітетін және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтатын судьялардың жаңа Судья әдебі кодексін қабылдау;
  • Қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттырған және судьялар мен айыптаушыларға қойылатын талаптардың күшеюіне әкелген сот отырыстарының онлайн трансляция жүргізу;
  • Бірінші, екінші сатылы сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағымдану мүмкіндігі, сот ісін оңайлату, оның ішінде инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект көмегімен жүргізу.

Сонымен қатар, судьялар IX съезінде мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сот жүйесіндегі реформаларға оң бағасын беріп, сондай-ақ қазақстандық судьялардың қандай болуы керектігі жайлы және сот қызметкерлерін іріктеуге және олардың біліктілігін арттыруға ерекше назар аудару қажеттігі екенін аса атап өткен болатын.

           Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Х.Ә.Қосалиева

Экстрадициялық қамақты санкциялаудың маңызы зор!

Экстрадициялық қамақты санкциялау — бұл халықаралық құқық саласындағы маңызды...

В рамках административного судопроизводства

Жилищные споры представляют собой конфликты, возникающие по поводу реализации...

Споры в сфере государственных услуг

Основными нормативными правовыми актами в сфере государственных услуг, в...

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...