Қазақстан құрамасы Олимпиадада қоржынға қанша жүлде салды?

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аяқталады. Қазақстан құрамасы қоржынға 11 жүлде салды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олимпиаданың жабылу салтанаты 23:15-те болады. Әлішер Ерғали Қазақстан үшін медаль алып келуі мүмкін болған соңғы спортшы еді. Алайда балуан ирандық Әмір Азапиреге есе жіберді.

Нәтижесінде, Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарын жеті медальмен аяқтады.

Алтын:

  • Елдос Сметов дзюдодан алтын медаль жеңіп алды.

Күміс:

  • боксшы Нұрбек Оралбай,
  • гимнаст Нариман Құрбанов,
  • грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадыраев күміс иеленді.

Қола:

  • дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев,
  • боксшы Назым Қызайбай,
  • нысана көздеушілер Александра Ле мен Ислам Сатпаев қола жеңіп алды.

Қазақстан ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола еншілеп, 206 мемлекет ішінен 41 орында тұр.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.