Қазақстан Парламенті массмедиа туралы заңды қабылдады

Сенатта «Массмедиа туралы» (түпнұсқа атауы — «Масс-медиа туралы»), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне массмедиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Массмедиа мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы» заңдар қаралып, екі оқылымда қабылданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңдарда отандық контентті дамыту мақсатында мемлекеттік емес БАҚ-қа гранттар беру арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктері туралы нормалар қарастырылған. Журналистерге қатысты ескіру мерзімі бір жылға, БАҚ сауалына жауап беру мерзімі 5 күнге дейін қысқартылған.

Бұдан бөлек, өзгерістер мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайтуды, кезең кезеңімен 5 пайызға (2025 жылдан бастап 55 пайыз, 2027 жылдан бастап 60 пайыз) көшуді көздейді. Сондай-ақ, отандық теле-, радиоарналардағы қазақстандық авторлардың/орындаушылардың отандық теле -, радиобағдарламалар мен музыкалық шығармалар санын 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайту (кезең кезеңмен енгізу ұсынылды).

Сондай-ақ, отандық теле-радио арналардағы шетелдік теле-радио бағдарламаларды қайталап көрсетуді 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарту жоспарланған.

Кодекстер мен заңдарға «БАҚ» деген сөзді «массмедиа» деген сөзбен алмастыратын өзгерістер енгізілген.

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Еліміздің әр өңірінде наурыз көже қалай дайындалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында арнайы наурыз көже дайындалады. Наурыз көже молшылықтың, берекенің, ырыстың белгісіне баланады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Әдетте бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылады.

19 наурызға арналған ауа райы болжамы 

Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы...

Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді 

2027 жылдан бастап қазақстандықтар 15 наурызда демалатын болады. 30 тамыз биылдан бастап жұмыс күніне айналады.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.