Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында?

Speedtest Global Index қызметі 2024 жылғы желтоқсанның қорытындысын шығарып, интернеті ең жылдам елдер мен қалалардың рейтингін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа зерттеуде мамандар 154 елдің шамамен 200 қаласындағы мобильді интернет пен орташа жылдамдығын талдаған. Speedtest Global Index бағалауының негізгі критерийлері – мобильді және кеңжолақты желілердегі жүктеу және жүктеп салу жылдамдығы.

Әлемдік сервис деректеріне сәйкес, мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдердің рейтингінде Қазақстан бір сатыға көтерілген. Еліміз орташа жүктеу жылдамдығы 53,76 мегабит/секунд көрсеткішімен 57-орында тұр.

Кеңжолақты интернеттің жылдамдығы бойынша жағдай нашарлау – Қазақстан әлемдік рейтингте 88-орында (жылдамдығы – 73,67 мегабит/секунд).

Мобильді интернет жылдамдығы бойынша көшбасшылар үштігі дәстүрлі түрде:

  • Біріккен Араб Әмірліктері – 453,87 мегабит/секунд;
  • Қатар – 383,5 мегабит/секунд;
  • Кувейт – 257,3 мегабит/секунд.

Ең төменгі көрсеткіш тағы да Ауғанстанда тіркелді, мұнда жүктеу жылдамдығы 8,2 мегабит/секундты құрайды.

Айта кетсек, бұған дейін Сауда министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов баяу интернет – қазақстандық заңнамаға сәйкес тұтынушылар құқықтарының бұзылуы екенін мәлімдеген болатын.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.