«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры ұсталды

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры жемқорлыққа күдікті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктенеді. Залал сомасы 65 миллион теңгеден асады.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген. Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17...

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.