Қасым-Жомарт Тоқаев Сейсмологиялық орталыққа жер сілкіністерін болжаудың ғылыми әдістерін қолдануды жүктеді

Мемлекет басшысы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды.

Дәулет Сәрсенбаев былтыр қала аумағында орналасқан 16 сейсмикалық станцияның 11-не 527 миллион теңгеге құрал-жабдық сатып алынғаны туралы мәлімет берді.

2021-2023 жылдарға арналған мақсатты қаржыландыру бағдарламасының нәтижесінде 25 бақылау пункті ашылды. Халықаралық ынтымақтастық аясында 10 жаңа станция ішінара жаңғыртылып, 6 жаңа станция пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысы сейсмикалық қауіпсіздік халықты қорғау деңгейіне, экономикалық нысандар мен қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін ұлттық қауіпсіздіктің негізгі факторы саналатынын айтты. Президент ерте құлақтандыратын озық жүйе енгізуге және сейсмологтардың біліктілігін арттыруға қатысты бірнеше мәселеге назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми орталыққа жер сілкіністерін болжаудың ғылыми әдістерін қолдану және енгізу жөнінде маңызды міндет жүктелетінін айтты.

Мемлекет басшысы орталықтың жұмысында ғылыми зерттеулерді дамыту және инновациялық технологияларды енгізу қажет екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.