Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыз алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін», – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram желісіндегі өзінің парақшасында.

Назым Қызайбай туралы не белгілі?

Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Назым Қызайбай финалда ресейлік Юлия Чумгалаковамен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Назым Қызайбай қазақ боксы тарихында үш мәрте әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы атанып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін ол 2014 және 2016 жылы жеңіс тұғырынан көрінген еді. Сондай-ақ, 2024 жылғы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль алды.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.