Путин Астанаға ұшып келді

Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды. Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5 пайызға өсіп, 66 миллиард доллар болды. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі 19,1 миллиард доллар болды. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы 7,4 миллиард доллар болды.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.