12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Пробация есебіндегі азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетілді

Арал аудандық пробация қызметі мен аудандық прокуратура Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шара барысында тұрмысы төмен пробация есебіндегі сотталғандардың отбасыларына біржолғы азық-түлік пакеттері таратылды.

Қазіргі уақытта аудан бойынша 60 азамат пробация есебінде тұр. Олардың қайта қылмысқа бармауы және қоғамға қайта бейімделуі үшін пробация қызметкерлері тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, есептегі азаматтардың тұрмыс жағдайы зерделеніп, оларды әлеуметтік және құқықтық қолдау бағытында тиісті шаралар жүзеге асырылуда.

Пробация қызметінің басты міндеттерінің бірі – сотталғандарды дұрыс жолға бағыттау және олардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу. Осы мақсатта пробация қызметкерлері есептегі азаматтарға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетіп, олардың жұмысқа орналасуына ықпал етуде.

Аталмыш шара пробация есебіндегі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді. Алдағы уақытта да осындай қолдау шаралары жалғасын табатын болады.

№20 мекемесінде «Жол қауіпсіздігі күні – Ақ жол» акциясы өтті

Қазақстан полициясы күніне орай Ішкі істер министрлігінің іс-шаралар жоспарын...

В учреждении №20 провели акцию «Жол қауіпсіздігі күні – Ақ жол»

Во исполнение плана Министерства внутренних дел Республики Казахстан по...

Закон и порядок

Сегодня среди осужденных граждан, состоящих на учете в службе...