Президент Жарлығы: Ұлттық музейге жаңа мәртебе берілді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне «ұлттық» мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы 2026 жылы 17 маусымда Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Құзырлы министрлік Мемлекет басшысының елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен ұлттық құндылықтарды ұлықтау ісіне айрықша мән беріп келе жатқанын баса атап өтті.

Жаңа мәртебе Ұлттық музейдің Орталық Азиядағы ең ірі музей әрі еліміздің жетекші мәдени-ағартушылық орталықтарының бірі екенін айғақтай түседі. Бүгінде музей қорында 200 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Мұнда 20 көрме залы, реставрация шеберханалары, зертханалар, қор сақтау орындары, ғылыми кітапхана, сондай-ақ көрме және білім беру жобаларын жүзеге асыруға арналған кеңістік бар. Жыл сайын Ұлттық музейге 600 мыңнан астам адам барады. Мұнда ғылыми қызметкерлер, реставраторлар, экскурсия жүргізушілері мен қор сақтаушыларды қоса алғанда, 400-ден астам маман еңбек етеді. Ұлттық музей көрме, ғылыми және ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Жыл сайын музей қабырғасында 100-ден астам халықаралық көрме мен жоба ұйымдастырылып, іс-шаралар Қазақстанның шетелдік музейлер мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталады, – деп жазды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.