Президент Жақып Асановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін реформалау жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды  Ақорда. Кездесу барысында жаңа судьяларды іріктеу, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен кадрларды ілгерілету ісін объективті жүргізу мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылы заңсыз шешім қабылдаған, сот әдебін бұзған, аттестациядан өтпеген 37 судьяның теріс іс-әрекеттері үшін жұмыстан шығарылғаны туралы ақпарат берілді. Бірқатар соттың тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны жайында айтылды. Жақып Асанов Қазақстан Президентіне сот шешімдерінің сапасын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде мәлімет берді. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен Қазақстан халқына арналған Жолдауда айтылған міндеттерді орындау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Президенттің пікірінше, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы құқықтық дауларды шешу механизмі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу маңызды міндет саналады.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.