Президент Оқушылар сарайына барды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес Алматы қаласындағы маңызды архитектуралық ескерткіштердің бірі – Оқушылар сарайын аралап көрді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке ғылым-білім орталығын қайта қалпына келтірудің және жаңғыртудың алғашқы кезеңінің нәтижелері мен жоспары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің балалардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтылды.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың көркем шығармашылық жұмыстарының көрмесімен және Сарайдың жаңа инновациялық қызметімен танысты.

Мемлекет басшысы биология және нейротехнология, гидропоника, 3D  модельдеу және робот жасау зертханаларын, сондай-ақ анимация, дыбыс жазу, білім беру медиажобаларына арналған студияны аралап көрді.

Мемлекет басшысы оқушылармен әңгімелесті және оларды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Президент балаларға сыйлықтар тарту етті, соның ішінде мобильді құрылғы арқылы басқарылатын соңғы үлгідегі оқу телескопын сыйға тартты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Оқушылар сарайына автобус сыйлады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.