Президент мұнай экспортын әртараптандырудың маңыздылығын атап өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera-ға берген сұхбатында қазақ мұнайын тасымалдаудың баламалы жолдарына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Al Jazeera журналисі сұхбат барысында S&P Global агенттігі қазақ мұнайының 80 пайызға жуығы Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Ресейге жөнелтілетінін мәлімдегенін айтты.

«Мұны өзгерту керек деп ойлайсыз ба? Бұл Қазақстан үшін стратегиялық осалдық емес пе?» деп сұрады.

«Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі, жақын көршіміз және одақтасымыз екенін ұмытпауымыз керек. Ресеймен арадағы шекара — әлемдегі ең ұзын шекара. Сонымен қатар, Ресейге стратегиялық серіктес ретінде сенеміз, әсіресе, КҚК-ға сенеміз. Жуырда президент Путинмен телефон арқылы сөйлестім, біз КҚК-ға қатысты мәселелерді талқыладық. КҚК алдағы уақытта да қазақ мұнайын Ресей арқылы еуропалық нарыққа және одан тыс жерлерге тасымалдау үшін жақсы құрал болатынына сенімдімін», — деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Al Jazeera өкілі «Қазақстан КҚК арқылы Еуропаға мұнай жеткізуге Украинадағы соғыс әсер етеді деп алаңдай ма?» деген сұрақ қойды.

«Әрине, Украинада болып жатқан оқиғалардың, Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыстың табиғи ресурстар мен оларды халықаралық нарыққа экспорттау саласындағы стратегиялық жоспарларымызға қалай әсер ететінін ескереміз. Сонымен қатар, Ресеймен стратегиялық серіктестігімізге сенеміз. Алайда бұл біз бір бағытқа ғана назар аударамыз дегенді білдірмейді. Сондықтан Баку-Джейхан құбыры, Орта дәліз және басқа маршруттар туралы айтқаныңыз дұрыс. Бірақ мұнайды шетелге тасымалдау немесе экспорттау көлемі туралы айтар болсақ, КҚК-ға басымдық берілуге тиіс», — деп түйіндеді Президент.

КҚК қазақстандық Теңіз мұнай кен орнын Қара теңіздегі (Новороссийск портына жақын) «Южная Озереевка» мұнай терминалымен байланыстырады. Құбырдың жалпы ұзындығы 1 510 шақырымға жетеді, оның 452 шақырымы — қазақстандық учаске. КҚК қуаты жылына 81,5 миллион тоннаға жетеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық мұнай экспортының көлемі 68,6 миллион тонна болды. КҚК мұнай құбыры арқылы 54,9 миллион тоннаға жетті, бұл — экспорттың жалпы көлемінің 80 пайызы.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.