Президент кешірім жасау жөніндегі комиссия құрамын өзгертті: одан кімдер шығарылды?

Қазақстанда Президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамы өзгерді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін: Асанова Жанна Бейсентайқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша), Әубәкірова Индира Оралқызы – заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)», – делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Комиссияның құрамынан Андрей Лукин және заң ғылымдарының докторы Төлеш Қаудыров шығарылған.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.