Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 13-19 маусым аралығындағы жұмыс кестесі жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 13-19 маусым аралығындағы жұмыс кестесі жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 маусымда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады. 17 маусымда Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен мерейтойлық XXV Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысады. Мемлекет басшысы ПХЭФ пленарлық отырысында сөз сөйлейді, сондай-ақ, бірқатар кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

19 маусымда Қазақстан көшбасшысы президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады. Тегеранда жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер, сондай-ақ, бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланған.

Еске салайық, XXV Петербург халықаралық экономикалық форумы 2022 жылғы 15-18 маусым аралығында өтеді.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.