Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамырда «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қояды

Қарулы Күштер Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының бастығы Серік Бурамбаев Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында қандай мерекелік шаралар өтетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 6 мамырда «Қазақстан» орталық концерт залында Жоғарғы Бас қолбасшының, Ел Президентінің барлық әскери қызметшілерге, Қарулы Күштер мен соғыс ардагерлеріне, елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған құттықтауы оқылады. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталады.

«Қазақстанның барлық өңірлерінде даңқ мемориалдарына, әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлерге арналған ескерткіштерге, Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіштер мен обелисктерге гүл қою рәсімдері өтеді.

9 мамырда Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысының қатысуымен «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтары қойылады. Сондай-ақ осы күні еліміздің барлық қалаларында гүл шоқтары қойылып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіледі», — деді Серік Бурамбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Мереке күндері, елді мекендерде, қарттар үйінде, ардагерлер тұратын аулаларда, сауда, ойын-сауық орындарында Қарулы Күштердің шығармашылық ұжымдарының қойылымдары өтеді.

Серік Бурамбаев мұндай шаралар Қазақстанның барлық аймақтарында өтетінін айтты.

Сонымен қатар, 7 мамырда Есіл өзенінің жағасындағы қалалық саябақтың амфитеатрында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

На пороге исторического голосования

ДО ГОЛОСОВАНИЯ ОСТАЮТСЯ СЧИТАННЫЕ ДНИ. ПО СТРАНЕ РАБОТАЮТ 10...

1-сыныпқа қабылдау баланың дамуына қарай ма?

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен брифингте елдегі мектептерге балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылатынын айтты.

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Енді үй жануарын тастап кеткендер жауапқа тартылады

Қазақстанда үй жануарларын асырайтын азаматтарға қойылатын талаптар күшейтіледі. Егер адам жануарынан бас тартуды шешсе, оны жай ғана көшеге тастап кете алмайды.

Қазақстанда бір тәулікте 12 орман өрті тіркелді 

Мамандар өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.