Президент әскери жарғыға өзгерістер енгізді

Әскери қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуы елеулі тәртіптік құқық бұзушылық болып саналады. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Президенттің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізіледі. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тәртіптік жарғысына қосымшада елеулі тәртіптік теріс қылықтардың түрлеріне ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысу немесе ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігуі жатады.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен, яғни 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, жарғының бұрынғы нұсқасында әскери қызметтің беделін түсіретін құқық бұзушылықтың түрі ретінде ақшаға бәс тігу болмаған.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...