Президент әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы: Күресті күшейту керек екенін қадап айттым

Алматыда ғалымдармен кездесуде сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне тоқталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қазір қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі кеңінен талқыланып жатқанын айтты. Бұл агрессия мен қатыгездіктің кез келген түріне төзбейтінін көрсетіп келе жатқан біздің қоғамның құндылықтар жүйесіндегі оң өзгерістерді білдіреді.

«Мен Президент қызметіне кіріскен алғашқы күндерден бастап әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға баса мән беремін. Біз бұл бағытта заңнамалық және институционалдық шараларды дәйекті түрде қабылдап келеміз. 2022 жылдың қыркүйек айындағы Жолдауымда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілікті күшейтуді тапсырдым. Әрине, жұртшылықтың бәрі бірдей емес, дегенмен құқық қорғау органдарының өкілдері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық әрекет деп тануды жақтағанын мойындауымыз керек.

Сол кезде бұл бағыттағы негізгі нормалар мен бастамалардың жұмыс істеп тұрғаны және кейбір мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қоғамның консервативті бөлігі бұл заңға қарсы болады деген пікір айтылды. Бірақ мен мұндай тағылық әрекетпен құқықтық, әсіресе заңнамалық тұрғыда күресті күшейту керек екенін қадап айттым. Өздеріңізге мәлім, биыл сәуір айында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Заңға қол қойдым. Екі аптадан кейін бұл толықтырулар күшіне енеді.

Жаңа нормалар біздің қоғамды жаңғыртуға, отбасы институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Өйткені әйелдер мен балалардың құқықтарын жан-жақты қорғау дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтауға мүлдем қайшы келмейді, керісінше оларды күшейтуге ықпал етеді. Ана ұлтты тәрбиелейді. Әйелді құрметтей білетін қоғам шын мәнінде өркениетті, мәдениетті қоғам болмақ. Әрине, бір Заңмен барлық мәселе шешілмейтіні анық. Ең бастысы, өзгерісті әркім өзінен бастауы керек. Әр үйде отбасы құндылықтары орнығуы қажет. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру осындай қарапайым дүниеден басталады», — деді Президент.

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Еліміздің әр өңірінде наурыз көже қалай дайындалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында арнайы наурыз көже дайындалады. Наурыз көже молшылықтың, берекенің, ырыстың белгісіне баланады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Әдетте бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылады.

19 наурызға арналған ауа райы болжамы 

Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы...

Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді 

2027 жылдан бастап қазақстандықтар 15 наурызда демалатын болады. 30 тамыз биылдан бастап жұмыс күніне айналады.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.